Жаңалықтар
14 жастағы жасөспірім депутатқа таспен шабуыл жасады
Оқиға Оңтүстік Корея астанасы Сеул қаласында орын алған, деп Brifing.kz хабарлайды inbusiness.kz сайты theguardian басылымына сілтеме жасап.
Салдарынан депутат Пэ Хён Джин жарақат алып, шабуылдаушы қамауға алынды.
Қазірге қаршадай қыздың мұндай әрекетке не үшін барғаны белгісіз.
Ата-анасының қатысуымен жауап алынғаннан кейін жасөспірім психиатриялық ауруханаға жатқызылды.
Пэ Хён Джин өзінің денсаулығына қатысты сұрақтарға жауап беруден бас тартқан.
«Халық күші» партиясының жетекшісі Хан Дон Хун кінәліні «қатаң жазалауға» шақырса, партияның тағы бір депутаты Тхэ Али Хо шабуылды Оңтүстік Корея демократиясына «үлкен сынақ» деп атады.