Жаңалықтар

Алматы облысында 3 жасар қыз 2 аптадан аса уақыттан бері іздестіріліп жатыр

Алматы облысында жоғалып кеткен үш жасар қызды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, — деп хабарлайды brifing.kz порталы Tengrinews.kz тілшісіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Алматы облысының Полиция департаменті хабарлады. Ауқымды іздеу жұмыстары әлі нәтиже берген жоқ.

Айта кетейік, үш жасар Айя-Софияның жоғалып кеткеніне екі аптадан аса уақыт өтті.

Еске салайық, бала 17 наурызда түстен кейін Еңбекшіқазақ ауданы, Күш ауылында жоғалып кеткен. Полицияға кешке қыздың анасы хабарласқан. Ауданда арнайы іздеу тобы құрылып, жоғалған баланы іздеуге жергілікті тұрғындар да қосылды.

Related Articles

Back to top button