Жаңалықтар

Танымал ғалым Ш.Ергөбек: мемлекеттің іргетасы — қоғамдық келісім


Заң ғылымдарының кандидаты Шыңғыс Ергөбек Атырауда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайда еліміздің рухани және әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтитын маңызды мәселелер қарастырылып жатқанын айтты,- деп хабарлайды Brifing.kz.

“Жалпы – «Жаңа Қазақстан» тұжырымдамасында маңызды орын қоғамдық келісім мен руханиятқа беріліп келеді. Мемлекеттің өзегі, оның іргетасы қоғамдық келісімге арқа сүйейді. Бұл тұрғыдан Ұлттық құрылтай, қоғамдағы маңызды мәселелерді талқылау аренасы мен, қоғамның ішкі диалогтық арнасы ретінде кең қанат жайып келеді. Бұл халық үніне құл асушы мемлекетке қоғамда қордаланған мәселелерді жеткізудің маңызды рупоры.

Қазақ қоғамында белді орынға ие әр түрлі сала мамандарының бас қосып, сараптамалық пікірлер мен көзқарастарын бөлісетін мінбелердің көп болуы заман талабы. Бұл мағынада Атыраудағы құрылтай да Еліміздің рухани даму мәселесінен бастап, әлеуметтік-экономикалық даму, өңірлік саясатты қамтитын кең ауқымды мәселелер қарастырылуда.  Спикерлердің күші мен біліктілігі, қатысушалардың қоғам алдындағы беделі маңызды бастамалардың тиісті мекемелерге жетуіне кепіл бола алады деп ойлаймын”,- деді Шыңғыс Ергөбек.

Related Articles

Back to top button