Түркістан жаңа ғимаратпен толығады
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түркістан қаласында салынып жатқан кезекті ғимараттың құрылыс барысымен танысты,- деп хабарлайды brifing.kz порталы Түркістан облысының әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мердігер компания басшымен кездесіп, тапсырмалар жүктеді. Құрылысты кестеге сәйкес аяқтауды міндеттеп, сапаға басты назар аударуды ескертті.
– Құрылысқа отандық, жергілікті материалдарды қолдану маңызды. Осы жағына мән беріңіздер. Екіншіден, құрылыстағы жобалар қымбат емес, сапалы әрі үнемді болуы тиіс, – деді Дархан Сатыбалды.
Бұл ғимаратта Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті орналасады.
Мердігер мекеме – «Ернур Строй и К» ЖШС. Тапсырыс беруші – Түркістан облысының құрылыс басқармасы. Жаңа ғимараттың құрылысы 2023 жылы басталған. Биыл пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бүгінде құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. 2023 жылғы лимиті. Қазіргі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары 10%-ға аяқталған. Нысанға 46 адам, 9 техника тартылған.