Бишімбаевтың ісі бойынша тергеушіге шабуыл жасалыпты
Әлеуметтік желіде әйелге жасалған шабуылдың видеосы тарап жатыр. Жәбірленуші Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша тергеуші екені айтылды, — деп хабарлайды brifing.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Полиция тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды деп мәлімдеді.
«Жәбірленушінің қызметі бұл тергеуге қатысты емес, күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұған дейін қылмыстық іс заңдылығын тексеріп, сотқа жіберу үшін прокуратураға жолданған.
Полиция департаменті жалған ақпарат таратқаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді», — деді Астана ПД баспасөз қызметі.
Видеодағы оқиға 12 ақпанда болған. Криминалдық полиция қызметкерлері елорда аулаларының бірінде әйелге шабуыл жасаған 35 жастағы тұрғынды ұстады.