Жаңалықтар

Түркістанда қызмет алушылардың құқықтары қалпына келтірілді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық органдары қызметінің басым бағыттарының бірі – халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, қызмет алушылардың құқықтарын қорғау және қалпына келтіру болып саналады,- деп хабарлайды brifing.kz.

2023 жылы Департаменттің қарауына мемлекеттік қызмет көрсету мәселері бойынша 157 арыз түскен, жалпы өтініштер бойынша 13 азаматтың құқығы қалпына келтірілді.

Келіп түскен арыздардың басым бөлігі жер қатынастары
(66 немесе 42%), еңбек және әлеуметтік қорғау (7 немесе 4%)ауыл шаруашылығы (7 немесе 4%) салаларына тиесілі.

Ағымдағы жылдың өзінде-ақ, Департаментке мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша азаматтардың 20-ға жуық арыз шағымдары келіп түсті.

Арыздардың қорытындысы бойынша 4 азаматтың шағымындағы  дәлелдері расталып, құқықтары қалпына келтірілді.

Мәселен, Департамент жер учаскесін ақпараттық жүйеде келісу үшін жолдаған 3 (үш) қызмет алушының шағымдарын жоспардан тыс тексеру арқылы қарады.

Нәтижесінде, қызмет беруші ұйым аталған азаматтардың біреуіне 2 айға жуық жауап бермегені, ал басқаларына қызмет көрсетудің мерзімдерін сақтамай жауап ұсынғаны анықталды.

Тексеру нәтижесімен, қызметті алушылардың өтініштері қанағаттандырылып, жер учаскелері ақпараттық жүйеде келісіліп, құқықтары қалпына келтірілді.

Тексеру қорытындысымен, кінәлі тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігін қарау және алдағы уақытта болдырмау туралы нұсқама енгізілді.

 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет ітсері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының бас маманы Жанар Қалдымұратқызы ҚАМБАР

Related Articles

Back to top button