Алматы ЛГБТ-ға қарсы: жалғыз адамдық пикет өтті
«Біз Қазақстан ата-аналары елімізде ЛГБТ ұйымдарының ашық және жасырын түрдегі үгіт-насихаттарына қарсымыз! Сондай-ақ феминистік ұйымдардың ұйымдастыруымен өтіп жүрген марштар мен шерулеріне түбегейлі қарсымыз» деген ұранмен Алматы қаласында жалғыз адамдық пикет өтуде,- деп хабарлайды brifing.kz.
Тұрғындардың қарасы көптеп көрінетін орында, қолдарына плакат ұстаған Бағила Балтабева елдің болашағына алаңдаулы екенін алға тартып отыр.
«Қазіргі уақытта ЛГБТ ұйымдарын қолдайтын жастардың саны күн санап артуда. Осы орайда, біз балаларымыздың болашақ өміріне алаңдаулымыз. Ондай адамдар біздің арамызда болса да мән бере бермейміз. Бұл біздің елдің ертеңіне деген немқұрайлығымыз. Себебі, біржыныстыларды қолдайтын ұйымдардың негізгі мақсаты айтпаса да белгілі. Тіпті, менің әлеуметтік желіме келген хаттардың арасында ерекше көңіл аудартқан бір қыз болды. Он екі жасар қыз баланың айтуынша, «мен ЛГБТ ұйымдарын қолдаймын». Сонымен қатар, «маған нестей аласың» деген хабарлама қалдырыпты. Көріп отырғанымыздай, ЛГБТ ұйымдарын тоқтату міндет»,- деді Бағила Балтабаева
«Мен еліміздегі ЛГБТ және феминизм ұйымдарына толықтай қарсымын. Себебі, олар жасырын түрде насихат жүргізуде. Өздерін әйелдер мен балалардың құқығын қорғаймыз деп айтады. Алайда, тікелей халықтың, әсіресе жастардың санасын улауды мақсат етіп отыр. Жылда 8 наурыз күні өтетін бұндай ұйымдардың шеруіне қарымыз» деді белсенді.
Бұл пикеттің басты талабы ЛГБТ және феминистік ұйымдарды заңды түрде түп тамырымен жою. Салт-дәстүріміз бен ұлттық құндылықтарымыздан айырылып қалуымыз мүмкін екенін алға тартты белсенділер.