Жаңалықтар

Нұрлан Ноғаев мұнай компанияларына жұмысқа қалай орналасуға болатынын айтты

Жаңаөзенге жұмыс сапары барысында өңір басшысы Нұрлан Ноғаев жұмыссыз азаматтармен кездесіп, оларды толғандырған сұрақтарға жауап берді, деп Brifing.kz хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кездесуде Жаңаөзен тұрғындары мұнай-газ саласына жұмысқа орналасуға байланысты сұрақтар қойды. Нұрлан Ноғаев жұмыспен қамту мәселелері қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен шешілетінін атап өтті.

Мұнай-газ саласына жұмысқа орналасу мәселелері ашықтық пен әділдік қағидаттарына негізделе отырып шешілетін болады. Аймақтағы халық саны жыл өткен сайын артып келеді, ал жаңа кәсіпорындардың ашылуы уақытты қажет етеді. Аймақта жаңа жұмыс орындары құрылуда, алдағы уақытта да құрылатын болады. Алайда кезектен тыс жұмысқа орналасу мүмкін емес, әсіресе мұнай немесе сервистік компанияларға. Бұл кезекте тұрған басқа азаматтарға әділетсіз болады. Сондай — ақ, халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде, жергілікті атқарушы органдар ұсынатын басқа да жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін қарастыру қажет, — деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.

Related Articles

Back to top button