Жаңалықтар

Түркістан облысында екі баласын өлтірді деген әйел ұсталды

Адам өлтіру фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Түркістан облысында екі баласын өлтірді деген әйел ұсталды. Әйелді іздеуге облыстық полиция департаментінің барлық жеке құрамы, көршілес аймақтар мен мегаполистер бағытталды, деп Brifing.kz хабарлайды  inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілді.

«Қабылданған шаралардың нәтижесінде жедел уәкілдер күдіктіні Шымкент қаласындағы қонақ үйлердің бірінде ұстады. Адам өлтіру фактісі бойынша барлық мән-жайларды анықтау мақсатында тергеу жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Күдікті әйел қамауға алынды. Істің тергеу барысы менің жеке бақылауымда», — деп хабарлады Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов.

Еске салайық, бұған дейін Түркістанда жалдамалы пәтерден екі баланың денесі табылғанын жазған болатынбыз.

Related Articles

Back to top button