Жаңалықтар
Ақмола облысында 24 жастағы қыз үйдің тоғызыншы қабатынан секірді
Қайғылы жағдай 5 ақпанда Бурабай кентінде болған, деп хабарлайды Brifing.kz.
«Биылғы жылдың 5 ақпанында Бурабай ауданында болған қыздың өз-өзіне қол салу дерегіне байланысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі (суицидке дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Алдын-ала анықталғандай, Бурабай ауылының 24 жастағы тұрғыны қараусыз қалған үйдің 9-шы қабатынан секіріп, суицид жасаған. Оқиға шамамен сағат 19:30 болды», — делінген Ақмола облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қазіргі уақытта тергеу аясында суицид жасаған адамның туыстары мен таныстары анықталып, болған оқиғаның мән-жайы тексерілуде.