Жаңалықтар

Талдықорғанда 20 жастағы курсанттың мәйіті табылды

Талдықорғанда 20 жастағы курсанттың мәйіті табылғаны туралы ақпарат таралды. Жетісу полициясы пікір білдірді, деп Brifing.kz хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Жігіттің Алматы әскери институтының курсанты екені белгілі болды.

2024 жылғы 4 ақпанда сағат 13:30-да 2004 жылы туған жас жігіт А. Алматыға қарай такси ұстаған. Ата-анасы ұлдарымен телефон арқылы хабарласа алмаған. Кейін Назарбаев көшесі, 101, Горький мектебіне қарама-қарсы жолдың бойынан жігіттің денесі табылғаны анықталды, – делінген хабарламада.

Жетісу облысының полицейлері аталған жағдайға қатысты түсініктеме берді.

Полиция суицидке итермелеу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қажет сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.

Қатысты мақалалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button