Жаңалықтар

Кентаулық шаруа мемлекеттік бағдарлама арқылы сүтті мал шаруашылығын қолға алған

Кентау қаласының тұрғыны Абсаттар Маназаров сүтті бағыттағы мал шаруашылығымен айналысады. Кәсібін дамыту мақсатында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2,5%-бен 5 млн теңге несие алған. Қаржысына 10 сиыр сатып алған, деп хабарлайды Brifing.kz.

Абсаттар кәсіптің бұл түрімен 20 жылдан бері айналысып келеді. Бүгінде 15 сиырдан күніне 30-35 литр сүт сауып, қала тұрғындарына тасымалдап отыр. Шаруа екінші топтағы мүмкіндігі шектеулі жан бола тұра, еңбек қана адамды алға жетелейтінін айтады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Related Articles

Back to top button