Жаңалықтар

Қазақстанда ақпан айында ауа райы суық бола ма?

Қазгидромет ақпан айына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп Brifing.kz хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

2024 жылдың ақпан айында республиканың басым бөлігінде орташа айлық ауа температурасы нормадан 1-2° жоғары, Шығыс Қазақстан облысында, Алматы мен Жетісу облыстарының оңтүстік-шығыс жартысында, Түркістан, Жамбыл және Абай облыстарының тау және тау бөктеріндегі аудандарында норма шамасында болады деп күтілуде.

Ақпан айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде климаттық норма шамасында, Атырау облысында, Қостанай облысының солтүстік жартысында, еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінің тау және тау бөктеріндегі аудандарында нормадан көп болады деп болжануда. Республиканың солтүстік жартысында жауын-шашын көбінесе қар түрінде, оңтүстік жартысында  жаңбыр, қар түрінде жауады деп күтілуде. Тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, елдің солтүстік жартысында жаяу бұрқасынмен  күтіледі, — делінген мәліметте.

Болжам бойынша ақпанның бірінші онкүндігінің басында ҚР басым бөлігінде қар, бұрқасын, кезеңнің ортасында және соңында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Ақпан айының басында оңтүстік облыстардың таулы аймақтарында кейде қатты қар жауады деп болжануда. Тұрақсыз ауа-райы тұман, көктайғақ және желдің 15-28 м/с дейін күшеюімен күтіледі. Республиканың батысында ақпан айының басында, бірінші онкүндіктің ортасына қарай басым бөлігінде ауа температурасы жоғарылайды, күндіз  оң мәндерге дейін көтерілуі күтіледі: солтүстік жартысында -3+2°С дейін, оңтүстігінде +5+15°С дейін.

Ақпанның бірінші онкүндігінің соңында температуралық фонның кезекті төмендеуі солтүстік-батыс жартысында, содан кейін ҚР қалған аумағында болжанады.

Related Articles

Back to top button