Жаңалықтар
Астанаға кірер жолдарға блокпост қажет пе – ІІМ басшысы жауап берді
Мәслихат депутаты Азамат Айтхожин көші-қонды тежеу мақсатында Астананың кіреберісіне блокпост қояды ұсынған еді, деп Brifing.kz хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов депутаттың ұсынысына жауап берді.
Біздің қалаға кіретіндерді жедел бақылап тұруға қауқарымыз жетеді. Заңбұзушылар туралы да ақпарат аламыз, бұл үшін күшіміз бен құралдарымыз бар. Сол себепті блокбекеттерге қажеттілік жоқ. Бұған дейін орнатылған блокпостарды біз алып тастадық, қазір негізгі жолдарда ғана қалды, — деді Сәденов мәжіліс кулуарында.
ІІМ қаланы жабудың қажеттілігі жоқ екендігін мәлімдеді.