Жаңалықтар

Оралда ер адам ұзақ уақыт бойы қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген

Орал тұрғыны қыз баланы жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген, деп Brifing.kz хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

БҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы барысында ұзақ уақыт бойы қорқытып, күш көрсету арқылы 1995 жылы туған қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеп келген облыс орталығының тұрғынын ұстады.

Жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.

Related Articles

Back to top button