Жаңалықтар
Ресейлік инженер өз-өзін өлтірді: ол жасаған зымырын Харьковтегі әжесінің үйіне түскен
Ресейде «Алмаз-Антей» зауытының инженері өз-өзіне қол жұмсады, деп Brifing.kz хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Оның бұл әрекетіне зауытта жасалған зымыранның Харьковтегі нағашы әжесі тұратын үйге барып түсуі себеп болған.
Ол өз-өзіне қол жұмсар алдында хат жазып қалдырған.
Мен, Горобец Антон Игоревич, академик А.А. Расплетин атындағы «Алмаз-Антей» зауытының инженерімін. Бірнеше күн бұрын қолыммен жасаған зымыран Харьковтегі нағашы әжем тұратын үйге түсті, ол қайтыс болды. Мен бұған төзе алмадым, – деп жазған ол хатында.
Дегенмен кейбір мамандар оны біреулер өлтірген болуы мүмкін дегенді айтады.
Қазір терге жұмыстары жүріп жатыр.