Жаңалықтар

«Бешикташ» Бактиер Зайнутдиновты үздіктер қатарына қосты

Түркиялық «Бешикташ» Қазақстан құрамасының ойыншысы Бактиер Зайнутдиновты матчтың үздік ойыншысы ретінде ұсынды, деп хабарлайды Brifing.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап. 

Зайнутдинов Түркия кубогының 1/16 финалында Бірінші лигада5s «Эйюспорды»(4:0) жеңген ойынға қатысты. Қазақстандық тағы да орталық қорғаушы позициясында бүкіл матчты ойнады.

Үздік ойыншы атағына Зайнутдиновпен бірге «Бешикташ» сапынан Анте Ребич, Рашид Геззала және Дженк Тосунды ұсынды.

Айта кетейік, соңғы матч Зайнутдиновтың Түркия кубогындағы дебюті болды. Жалпы ол «Бешикташ» сапында барлық турнирлерде 24 кездесу өткізген.

Фото: smartik.ru

Қатысты мақалалар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button