Жаңалықтар

Мұхтар Мағауин Совет адамы болмаған ба?..

Алтынбек Әлібекұлы есімді facebook қолданушы бүгінде Түркияда ғұмыр кешіп жатқан Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Мағауиннің «Мен совет адамы болмадым» деген сөзіне күмән келтірді, деп жазады Brifing.kz.

Жақында ғана «Халық үні» ютуб-каналына сұхбат берген бір сөзінде жазушы Мұхтар Мағауин «Мен совет адамы болмадым» депті. Бұл сөзді қандай негізге сүйеніп айтқаны белгісіз. Себебі қаламгер ғұмыр кешкен уақыт — нағыз Совет билігінің уақыты ғой. Бәлкім, мұны жазған-сызған дүниесінің негізінде айтқан шығар. Жарайды, Мұхтар Мағауин шығармашылық тұрғыдан совет адамы болмаған делік. Бірақ онда жазушының «Аласапыран» деп аталатын тарихи романы кезінде неге «қазақ халқының ұлы орыс халқымен мәңгіге бауырласуына» арналған?

Иә, 1981 жылы «Жалын» баспасынан шыққан аталмыш кітапта ол автор ретінде Советтік одақтың берік, достығының тамыры тереңде екенін айтып, орыс халқы үш жүз жылдық езгіден құтылып, қуатты мемлекет құрғанын, қазақ пен орыс ұлтының арасында тек татулық, достық, бауырластық болуын ерекше құбылыс санайтынын жазған.

Сөз соңында: «Бұл тарихи хикая қазақ халқының ұлы орыс халқымен мәңгіге бауырласуының 250 жылдық торқалы тойына арналады», — дейді.

P.S. Ал сол 1981 жылдан кейінгі шыққан «Аласапыранның» өзге нұсқаларында бұл жоқ, — дейді ол.

Фото: ашық дереккөз

Қатысты мақалалар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button