Жаңалықтар
Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінісі сезілді
Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінісі сезілді, — деп Brifing.kz хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Жер сілкінісі 11 қаңтарда Алматы уақыты бойынша сағат 15:20-да ТЖМ «СТӘЭ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісінде тіркелген.
«Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 856 шақырым жерде Ауғанстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 13.6. MPV магнитудасы — 6,4», — делінген хабарламада.
Ауғанстандағы жер сілкінісін Шымкент пен Жамбыл тұрғындары сезгені атап өтілді – 2 балл.